ҚХЛ. Барыс-Трактор. Матч алдында
26 Қаңтар 2021

ҚХЛ. Барыс-Трактор. Матч алдында

"Барыс "төрт матчтық үй сериясын "Трактормен" болатын  кездесумен ашады.

Челябинскіліктер соңғы төрт жекпе-жекте үш жеңіске жетті. Өткен турда Анвар Гатиятулиннің шәкірттері өз алаңында "Салават Юлаевты" овертаймда жеңіп кетті - 2:1. Команданы жеңіске Томаш Гики мен Понтус Обергтің дәл соққылары жеткізді. Қақпашы Иван Федотов 35 лақтырыстың  34-не тойтарыс берді.

Бүгінгі таңда "Трактор" Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Челябинск командасының  активінде 48 матчтан кейін 57 ұпай бар. Жарақаттанғандардың тізімі бос.

"Барыс" өз активінде де осынша балл бар, алайда қосымша көрсеткіштер бойынша Нұр-Сұлтан ұжымы өзінің болашақ қарсыласынан төмен және шығыста сегізінші орын алады.

Сенбі күні Юрий Михайлистің командасы сырт алаңда нәтижелі матчта овертаймда  "Витязьды" жеңді - 5:4. Никита Михайлис дубль ресімдеді, сондай-ақ Линус Виделль, Валерий Орехов және Джесси Блэкер көзге түсті, ол қатарынан екінші ойында жеңіске жеткен шайбаның авторы болды. Хенрик Карлссон  өзінің  КХЛ-ғы 300-ші матчын  өткізді, дүйсенбіде ол өткен аптаның қорытындысы бойынша Лиганың үздік қақпашысы болып танылды. Сондай – ақ, шабуылшы Аркадий Шестаков мерейтойлық белгіге жетті-ол ҚХЛ-да 100 матч ойнады.

Виктор Сведберг пен Леонид Метальников жарақат алғандар тізімінде және өз командасына әлі де үлес қоса алмайды.

Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Трактор" бір кездесу өткізді. Желтоқсан айында Челябинскіде жеңісті 4:2 есебімен қазақстандық ұжым атап өтті.

"Барыс-Аренада" өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ ТВ.

Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,40 | Х – 3,80 | П2 - 2,70.

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan