СПОРТ НЫСАНЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ (ҚХЛ, БХЛ және МХЛ матчтарында) 

Бұл Ережелер жанкүйерлердің Ресей Федерациясының аумағында және шетелдік Клубтың өз айдынындағы матчы өтетін спорт нысанындағы тәртіп нормаларын белгілейді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Көрерменнің жекелеген санаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында матч ұйымдастырушысы спорт нысанының әкімшілігіне, құқық қорғау органдарына және жанкүйерлерге матчқа билет арқылы кіргізу басталғанға дейін қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарлауы тиіс;
  2. Спорт нысанына кіру көрерменнің олардың осы аренада болған барлық уақыты аралығында қолданыста болатын Ережелерді қабылдауы мен оларды өз еркімен орындауын білдіреді. 
  3. Ережені сақтамаған көрерменге, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жарыс өтетін күндері аренаға келуіне әкімшілік тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлғаларға матчқа қатысуға рұқсат етілмейді немесе билет құны кері қайтарылмай, спорт нысанынан шығарылады. Ал егер олар қарсылық танытса, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
  4. Матч ұйымдастырушысы заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында көрерменді суретке және видеоға түсіруге құқылы;
  5. Көрерменнің осы Ережелерді сақтамауы мачт ұйымдастырушысы мен спорт нысаны әкімшілігіне тәртіп бұзушының өзге хоккей матчтарына кіруіне тыйым салу туралы мәселені қарастыруға негіз болады. 

2. КӨРЕРМЕН ҚҰҚЫЛЫ: 

  1. Билеттер, абонементтер, шақыртулар мен өзге де бекітілген үлгідегі құжаттары бар азаматтар матч басталмас бұрын және оның кезінде спорт нысанына кіре алады. Спорт нысанына кіру уақыты матч ұйымдастырушысы, спорт нысанының әкімшілігі мен құқық қорғау органдарының ортақ шешімімен бекітіледі. Бір матч кезінде билет, абонемент, өзге де құжаттар көмегімен спорт нысанына кіретін көрермен санын арена әкімішілігі белгілейді;
  2. Матч ұйымдастырушылары мен спорт нысаны әкімшілігі ұсынатын қызметтерді қолдануға;
  3. Спорт нысаны трибунасына шылым шегуге арналған арнайы орындарда қолдану шартымен темек өнімдері мен тұтандырғышты әкелуге; Клубтар спорт нысандарында ресми шығаратын атрибутиканы әкелуге.