БІЗДІҢ АБОНЕМЕНТТЕР
СТАНДАРТТЫ АБОНЕМЕНТ
34 үй матчы, сүйікті команда және әр ойында өзіңнің жеке орның әрқашан дайын тұрады.
Артықшылықтары:
- 34 үй матчы – маусымның бірде-бір ойынын сыртта қалдырмай, сүйікті командаңмен бірге бол.
- Жеке орын – әр ойын сайын билет іздеп әуре болмайсың, сүйікті трибунадағы орның тек өзіңе сақталады.
- Тиімді үнем – әр билетті жеке сатып алғаннан әлдеқайда арзанға түседі.
- Клубтық бонустар – клуб дүкенінен зат алу немесе билет сатып алу кезінде қолданатын қосымша жеңілдіктер.
DINOLAND АБОНЕМЕНТІ
Үй ішімен, бала-шағамен хоккей көретін керемет мүмкіндік!
-
Барлық 34 үй матчы.
-
Отбасымен келуге аса ыңғайлы, жайлы сектор.
-
Ата-аналар мен балаларға арналған көңілді орта.
-
Әр ойыннан отбасы болып ұмытылмас әсер ал.
BARYSFANS АБОНЕМЕНТІ
Трибунаның нағыз көрігін қыздыратын жанкүйерлерге арналады!
-
34 үй матчына толық қолжетімділік.
-
Ең белсенді фанаттар секторынан өзіңе лайық орын.
-
Команданы қолдап қана қоймай, үлкен жанкүйерлер қозғалысының бір бөлшегіне айнал.
ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ
Бонустардың жарамдылық мерзімі шектеулі және есептегі бонус сомасы белсендірілген хоккей маусымы аяқталған күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жарамды. Егер жиналған бонус уақытында жұмсалмаса, олар автоматты түрде жойылады.