Жайлауов Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының бас бапкері болады, Пушкарев пен Старченко жаттықтырушылар штабына енді
29 Қазан 2026

Жайлауов Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының бас бапкері болады, Пушкарев пен Старченко жаттықтырушылар штабына енді

5-8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында ерлер командалары арасындағы хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Турнирде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстан құрамалары жүлделерді сарапқа салады.

Қазақстанның хоккей федерациясы алдағы турнирге қатысатын ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабын жариялады. Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін «Барыс» командасының өкілі Талғат Жайлауов атқарады.

Бапкердің көмекшілері ретінде клуб жүйесінің өкілдері Константин Пушкарев пен Роман Старченко жұмыс істейді. Сонымен қатар штаб құрамына қақпашылар бапкері Александр Смелянец, дене дайындығы жөніндегі бапкер Игорь Елисеев және видео бапкер Владислав Белан енді.

Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі:

5 қараша, 12:00. Жапония - Қазақстан

7 қараша, 13:30. Қазақстан - Қытай

8 қараша, 13:30. Қазақстан - Корея

IMG_1575 с.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс минскілік Динамоны минималды есеппен жеңді

video-preview
Barys

Dynamo Mn - Barys жеңіс бөлмесі

new-preview
9 фото
Barys

Динамо Минск - Барыс