Барыс буллингке қарсы
22 Шілде 2026

Барыс буллингке қарсы

БЖСМ

«Барыс» БЖСМ-нің жаттықтырушылар құрамы балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесіне арналған кездесуге қатысты. Іс-шараның спикерлері ретінде Есіл ауданы прокурорының орынбасары Аслан Рахымжанов пен бөлім басшысы Нұрхан Жақсылықов сөз сөйледі. Олар қатысушылармен әңгімелесіп, түрлі жағдайларға қатысты мысалдар келтірді. Сондай-ақ ұжымда туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларға қалай дұрыс әрекет ету керектігін, жанжалдардың алдын алу мен оларды болжау жолдарын түсіндірді. Алдағы уақытта осындай профилактикалық кездесулер БЖСМ-нің барлық командаларының ойыншыларымен де өткізіліп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталатын болады.

Талғат Китаров, «Барыс» БЖСМ директоры

- Біз прокуратура қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз, олар бұл бағыттағы бастамамызды қолдады. Бүгін қажетті ақпаратты жаттықтырушыларға жеткізіп, оларды толық таныстырдық. Барлығы хаттамалық тәртіппен рәсімделді, осылайша әрбір жаттықтырушы өз жауапкершілігін нақты түсінеді. Қазір кездесулердің кестесін дайындап жатырмыз. Күндері келісілгеннен кейін командалармен жұмысты жалғастырамыз. Ең алдымен ересек жас санатындағы ойыншылармен бастаймыз. Осындай кездесулер мектебіміздегі тәртіп пен дисциплинаны нығайтуға оң әсер етеді деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы