Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді
21 Қыркүйек 2026

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

Қазақстан хоккей федерациясының Республикалық жарыстарды өткізу департаменті 2026/27 жылғы Қазақстан әйелдер чемпионатының күнтізбесін жариялады.

Алдағы чемпионатта Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін алты команда таласады. Олар: «Томирис», «Айсұлу», «Торпедо», «Грация», «Жұлдыз» және «Алматы». Өткен маусымдағыдай, командалар жекелеген турлар аясында емес, Pro және Jastar Ligasy чемпионаттарындағы тәртіп бойынша өз алаңында және сырт алаңда ойындар өткізеді.

Чемпионат екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, яғни тұрақты чемпионатта, әр команда 20 ойыннан өткізеді. Одан кейін үздіктер анықталып, финалдық кезеңге жолдама алады.

Бірінші кезең 24 қазанда басталады. Осы күні Алматыда өткен маусымның финалистері «Айсұлу» мен «Томирис» кездеседі. «Томирис» үшін тұрақты чемпионаттағы соңғы ойын 2 сәуірге жоспарланған. Бұл күні Александр Тебеньковтің ойыншылары «Торпедомен» кездеседі.

13 сәуірде финалдық кезең басталады. Оның қорытындысы бойынша чемпионаттағы командалардың қорытынды орындары анықталады. Үздік төрт команда алдымен жартылай финалда бақ сынайды. Одан кейін үшінші орын үшін және чемпиондық атақ үшін сериялар өтеді.

Плей-офф кезеңіндегі барлық серия екі жеңіске дейін жалғасады.

img_8247.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбеден тағы да басым түсті

new-preview
12 фото
Барыс

Барыс - Актобе

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбені ойсырата жеңіп, чемпионаттағы 10-жеңісіне қол жеткізді