Динамо Мәскеу - Барыс матчы алдында
22 Қыркүйек 2026

Динамо Мәскеу - Барыс матчы алдында

«Барыс» сырт алаңдағы төрт ойындық сапарын Мәскеуде «Динамоға» қарсы матчпен аяқтайды.

«Ақ-көгілдірлер» Қиыр Шығыстағы сапарын сәтті аяқтай алмады. Мәскеуліктер «Амурдан» 0:4 есебімен жеңіліп, төрт шайбаның үшеуін кем құрамда ойнап жүріп қақпасына жіберіп алды. Максим Моторыгин 32 соққыны қайтарды, алайда бұл оның командасына ұпай әкелуге жеткіліксіз болды. Леонид Тамбиев кездесудің тағдырын арнайы командалардың ойыны шешкенін атап өтті.

«Динамо» жеті матчтан кейін сегіз ұпай жинап, Батыс конференциясында алтыншы орында тұр. Команданың үздік сұрмергені - Дилан Сикьюра (1+5). Жарақатына байланысты ойынға қатыса алмайтындар қатарында шабуылшы Никита Тертышный бар.

«Барыс» өткен аптаны Ярославльде «Локомотивті» 5:0 есебімен ойсырата жеңумен аяқтады. Осылайша қазақстандық команда алты ойыннан тұратын ярославльдіктердің жеңісті сериясын үзді.

Джастин Бэйли команда сапында бірінші болып 10 ұпайға (6+4) жетті. Ол әлі де чемпионаттың үздік үш сұрмергенінің қатарында. Бір-бір шайбадан Джейк Масси, Логан Дэй, Ансар Шайхмедденов және Семён Симонов соқты. Гарретт Пилон әріптестерінің голдарына екі рет нәтижелі пас берді. Астанаға қайта оралғаннан кейін алғашқы матчын өткізген Аркадий Шестаков та нәтижелі пасымен көзге түсті. Мади Диханбек ҚХЛ-дағы мансабында алғашқы нәтижелі пасын жазды.

Ал Андрей Шутов негізгі құрамда алғаш рет алаңға шығып, қақпасына бағытталған 36 соққыны қайтарды. Осы матчта ол маусымдағы алғашқы «құрғақ» ойынын өткізді. Қазақстандық қақпашы кеше Лига тарапынан чемпионаттың екінші аптасының үздік қақпашысы атанды. Михаил Кравец ойыншыларының ойын жоспарын толық орындап, жеңіс үшін бар күшін салғанын атап өтті.

«Барыс» алты матчтан кейін сегіз ұпай жинады. Кездесу басталар алдында бұл нәтиже Шығыс конференциясындағы бесінші орынға сәйкес келеді.


«Динамо» Мәскеу - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.

Ойынды KHL Prime және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының КҚ

Match day Away.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы