"Барыстың" жаңа бас бапкері болып ресми түрде Юрий Михайлис  тағайындалды.
17 Маусым 2020

"Барыстың" жаңа бас бапкері болып ресми түрде Юрий Михайлис тағайындалды.

"Барыстың" жаңа бас бапкері болып ресми түрде Юрий Михайлис  тағайындалды.
Клуб келісімшартты бір жылға жасап, тараптардың қолы қойылды

Анықтама:
Юрий Владимирович Михайлис.
Туған күні мен жері: 23.04.1969, Қарағанды қаласы, КСРО. 
Ойыншы мансабындағы жолы қорғаушы позициясында өткен. Бапкерлік мансабын 2007 жылы бастады. "Барыс" ХК жүйесінде 13 жыл жұмыс істеп келеді. "Барыс-2", "Снежные Барсы", "Номад" командаларын жаттықтырған.
2017 жылы Юрий Владимировичтің басшылығымен "Номад" Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ 2017/18 Құрлықтық кубогының күміс медальдарын жеңіп алды.
Өткен маусымда Юрий Михайлис "Номадпен" Жоғары хоккей лигасының чемпионатындағы алғашқы науқанын өткізді.
Сонымен қатар, Юрий Владимирович Қазақстан құрама командаларымен табысты жұмыс тәжірибесі бар. Ассистент ретінде Михайлис қазақстандық құрамаларды жасөспірімдер, жастар және ересектер әлем чемпионаттарының, сондай-ақ Универсиаданың (2017 және 2019) және Азия ойындарының наградаларына жеткізді.   

Жаңа маусымда "Барыс" команданы басқаруды Қазақстан хоккейінің сапында тәрбиеленген шәкіртіне ұсыну туралы шешім қабылдады. Юрий Владимирович "Барыс" құрылымында 2007 жылдан бері жұмыс істейді, ұйымдастыру жұмыстарын, ойыншыларды және жалпы клубты басқару сатыларын жақсы біледі. Юрий Михайлистің бапкерлер штабы жасақталып, кейінірек жария етілетін болады. 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады