Барыстың қонақта өтетін ойындарға құрамы
02 Қыркүйек 2022

Барыстың қонақта өтетін ойындарға құрамы

Бүгін «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының 2022/23 маусымының алғашқы сапарына аттанды. Андрей Скабелканың командасы 3 қыркүйекте Минскіде «Динамомен», ал 5 қыркүйекте Санкт-Петербургте СКА командасымен ойнайтын болады. 7 қыркүйекке Балашихада «Витязь» командасымен кездесу жоспарланған. 9 қыркүйекте қазақстандықтар серияны Сочиде жабады.

«Барыстың» жаттықтырушылар штабы алдағы турнеге келесі ойыншыларға үміт арта алады.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Желал-ад-Дин Әмірбеков.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Кристофер Биграсс, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Максим Минеев, Иван Мищенко, Юрий Сергиенко, Владислав Семин, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сағадеев, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

 

Шабуылшы Джереми Бракко төлқұжатын ауыстырып жатқандықтан алдағы сапарды өткізіп алып, елордада жеке бағдарлама бойынша жаттығатын болады.

 

Матчтардың кестесі (басталуы елорда уақытымен)

3 қыркүйек 19:30-да «Динамо» Минск – «Барыс»

5 қыркүйек 22:30-да СКА – «Барыс»

7 қыркүйек 22:00-де «Витязь» – «Барыс»

9 қыркүйек 22:30-да «Сочи» – «Барыс»

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2