Спартак – Барыс матчы алдында
28 Ақпан 2026

Спартак – Барыс матчы алдында

Қыстың соңғы күні «Барыс» Мәскеуде «Спартакпен» кездеседі.

«Қызыл-ақтар» бейсенбі күні өз алаңында нәтижелі өткен ойында «Адмиралды» 6:3 есебімен жеңді. Егор Филин хет-трик жасап, команданың үздік бомбардирі Михаил Мальцев (16+25), Джозеф Кин және Даниил Гутик бір-бір шайбадан соқты. Қақпашы Артём Загидуллин қарсыластың қақпаға бағытталған 31 соққысын тойтарды. Бас бапкердің міндетін атқарушы Александр Барков матч жаттықтырушылар штабына ұнамағанын, ал ойыншылардың бұл кездесуде бар күшін салуға мотивациясы жеткіліксіз болғанын айтты.

59 ойыннан кейін «Спартактың» еншісінде 68 ұпай бар. Жарақат алғандар қатарында шабуылшылар Брэндон Биро, Лукас Локхарт және Герман Рубцов бар.

«Барыс» өткен турда «Северстальмен» болған ойында негізгі уақытта жеңілістен құтылып, үшінші кезеңде екі шайбалық айырманы жойды. Алайда овертаймда астаналықтар 2:3 есебімен жол берді. Соған қарамастан, команда қатарынан төрт матчта ұпай алып келеді. Гол авторлары Всеволод Логвин мен Мэйсон Морелли, ол маусымдағы 30 (11+19) ұпайлық межеге жетті. Қақпашы Адам Шил 36 сейв жасады. Бас бапкер Михаил Кравец азшылықта ойнау бригадаларын ерекше атап өтіп, тұрақты чемпионаттың қалған ойындарында команда «нөмір өткізіп» шықпайтынын айтты.

60 матчта қазақстандықтардың еншісінде 47 ұпай бар. Райли Уолш (12+25) команданың ең нәтижелі ойыншысы болып қала береді және чемпионаттағы ең өнімді қорғаушылардың қатарында. Жарақат алғандар тізімінде Ансар Шайхмедденов бар, сондай-ақ Эмиль Галимов бұл сапарға қатыспайды. Тайс Томпсон ҚХЛ-дегі 50-матчын өткізуге дайындалып жатыр.

Маусымдағы өзара кездесулерде әзірге Астана командасы алда. Желтоқсан айының басында «Барыс» өз алаңында овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Спартак» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

matchday social (12).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы