2 сәуір күні «Барыс Аренада» хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталды. Команда 18–24 сәуір аралығында Польшаның Крыница қаласында өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық жүргізуде. Дайындықтың алғашқы кезеңіне 46 хоккейші шақырылды, олардың 14-і «Барыс» жүйесінің ойыншылары. Сондай-ақ Максим Худяковтың бапкерлер штабына клубымыздың мамандары Александр Колюжный мен Андрей Кисель енді. Жиындардың екінші кезеңіне Польшаға 25 ойыншы аттанады, ал қорытынды өтінімге 23 хоккейші енеді.
Дайындықтың алғашқы кезеңіне арналған кеңейтілген құрам:
Қақпашылар: Айнарбек Есен («Астана» ЖХК), Давид Зиновьев («Торпедо» ЖХК), Никита Кулаков («Atlantic Coast Academy U18»), Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский (екеуі де - «Барыс» ЖХК), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18»).
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы («Барыс» ЖХК), Ильхан Болатов, Арман Толен, Спартак Чукреев («Atlantic Coast Academy U18»), Артём Гасников («Торпедо» ЖХК), Святослав Евплов («Спартак-МАХ»), Назар Елемесов («Florida Alliance U16»), Ардаулет Ержанұлы, Кирилл Задорожный, Дэнир Утеев, Вадим Фирса (барлығы - «Барыс U-18»), Матвей Решетько, Расул Турсынов («Снежные Барсы»), Кирилл Серебряков («Team Illinois U18»), Владимир Ткачев («Жас Батыр» ЖХК), Дархан Хафаров («Connecticut Jr. Rangers U16»).
Шабуылшылар:Әділжан Әміржанов, Рауан Қайыржан («Барыс U-18», Астана), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо» ЖХК), Ануар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нар-Ұлан Байкен, Сонмин Цой («Atlantic Coast Academy U18»), Инсаржан Бақытұлы, Никита Гридасов («Boston Hockey Academy U18»), Батухан Бекишев («South Kent School U18»), Таир Бигаринов («Барыс» ЖХК), Илья Громов, Егор Ким («Omaha Lancers»), Ильяс Даулетбек, Жандос Нурбеков, Адам Стариненко («Кармет» ЖХК), Матвей Желтоножко, Динислам Төлеген («Авангард» академиясы), Богдан Залевский («Арлан»), Михаил Коленко («Ладья»), Егор Кравченко, Жахангер Тілеухан («Снежные Барсы»), Рафаэль Рамазанов («Saskatoon Blazers U18»).
Бас бапкер – Максим Худяков.
Бапкерлер – Игорь Желтоножко, Алексей Обухов.
Қақпашылар бапкері – Александр Колюжный.
Дене дайындығы жөніндегі бапкер – Андрей Кисель.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.