Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы
01 Сәуір 2026

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы

Теміртауда «Кармет» пен «Барыс» арасындағы финалдық серияның жетінші, шешуші матчы өтті.

Кездесудің төртінші минуты аяқталар тұста елордалық ұжым есеп ашты. Жахангер Тілеухан қайтарылған шайбаны сәтті пайдаланды. Бірінші үзіліске аз уақыт қалғанда Рахимбек Мейірман артықшылықта гол соғып, «Барыстың» басымдығын арттырды. Екінші кезеңнің басында Андрей Церульниковтың соққысынан кейін үшінші шайба Алексей Зюзин қорғаған қақпаға кірді.

Үшінші кезеңде алаң иелері есеп айырмасын қысқартты. Тимофей Симонов дубль авторы атанды. Алайда матч соңында елордалық команда қорғаныста жақсы ойнап, жеңісті сақтап қалды және өз тарихында алтыншы рет Jastar Ligasy чемпионы атанды.

«Кармет» – «Барыс» 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

0:1 - 03:50 - Тілеухан (Бигаринов, Кравченко)

0:2 - 11:50 - Мейірман (Дронов, Гафуров) АГ

0:3 - 24:58 - Церульников (Айтмағамбетов, Айболұлы)

1:3 - 40:29 - Симонов (Степанов, Ольденбургер) АГ

2:3 - 53:47 - Симонов (Рублёв, Нұрқанов)

Қақпашылар: Зюзин – Мыльников

Серия есебі «Кармет» - «Барыс»: 3-4 (3:1, 1:2 ОТ, 4:6, 3:1, 3:0, 2:3 ОТ, 2:3)

DSC_8001-2 с.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыспен бірге спорт күні

new-preview
Barys
Nomad

Барыстың екіжақты келісімшарты бар ойыншылары мұз айдынындағы жаттығуларға кірісті

new-preview
Barys

Әлібек пен Сәркенов Барыс жүйесіне қайта оралды