Shanghai Dragons – Барыс матчы алдында
07 Наурыз 2026

Shanghai Dragons – Барыс матчы алдында


«Барыс» сырт алаңдағы сериясын Шанхайда жалғастырады. Мұнда KHL World Games аясында «Айдаһарлармен» көшпелі кездесу өтеді.

Екі көрме матчтың біріншісінде қытайлық клуб «Сібірге» 1:2 есебімен жол берді. Команданың жалғыз шайбасын Паркер Фу соқты. Қақпашы Дмитрий Шикин қарсыластың қақпаға бағыттаған 23 соққысын қайтарды.

62 кездесуде «Дракондар» 54 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Команданың ең нәтижелі ойыншысы  Ник Меркли (23+21). Жарақат алған ойыншылар тізімінде қақпашылар Андрей Кареев, Патрик Рибар, сондай-ақ қорғаушылар Жереми Гроло мен Бен Харпур бар.

Ал «Барыс» өткен турда Санкт-Петербургте СКА командасынан 0:7 есебімен ірі жеңіліс тапты. Астаналықтар қарсылас қақпасына небәрі 18 рет соққы жасаған. Бас бапкер Михаил Кравецтің айтуынша, оның ойыншылары ойын тапсырмасын тек алғашқы алты минутта ғана орындаған. Одан кейін астаналықтар қарсыласына тым көп еркіндік беріп қойған.

62 матчта қазақстандық клуб 47 ұпай жинады. Новосібірлік клубтың Шанхайдағы жеңісінен кейін «Барыс» та плей-оффқа шығу мүмкіндігін ресми түрде жоғалтты. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Райли Уолш, оның еншісінде 40 (14+26) ұпай бар. Алдағы сапарға медициналық себептерге байланысты Ансар Шайхмедденов пен Эмиль Галимов қатыспайды.

«Драконы» - «Барыс» матчы Астана уақытымен 16:30-да басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

IMG_1197.jpeg«Барыс» продолжит выездную серию в Шанхае, где в рамках KHL World Games состоится вынесенный поединок с «Драконами». 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы