Амур - Барыс матчы алдында
19 Қазан 2026

Амур - Барыс матчы алдында

Михаил Кравец ойыншылары сырт алаңдағы ұзақ сапарын Хабаровскіде жалғастырады. Бұл - осы маусымдағы «Барыс» пен «Амур» арасындағы екінші кездесу. Астанада өткен алғашқы матчта «жолбарыстар» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Өткен турда Қиыр Шығыс командасы өз мұз айдынында «Салават Юлаевқа» қарсы кездесуде үш шайба айырмасымен алда тұрып, жеңісті уысынан шығарып алды (жеңіліс 3:4). Алаң иелерінің құрамында Дмитрий Костенко, Вячеслав Войнов және Фёдор Храпов гол соқты. Максим Дорожко мен Александр Трушков қақпаға бағытталған 20 соққыны қайтарды. Александр Андриевский үшінші шайбадан кейін командасы ойнауды тоқтатып, көптеген қателік жібергенін атап өтті.

«Амур» 16 матчта 17 ұпай жинады. Хабаровск командасының ең нәтижелі ойыншылары - Артём Шварёв (4+4) және Олег Ли (1+7). Маусымда үш рет қақпасын голдан аман сақтап қалған Максим Дорожко соққыларды қайтару көрсеткіші бойынша чемпионаттың үздік үш қақпашысының қатарына кіреді (94,7%). Жарақат алған ойыншылар тізімінде Данила Галенюк, Александр Дергачёв, Андрей Крутов, Василий Мачулин және Егор Рыков бар.

«Барыс» шығыс бағытындағы сырт алаңдағы ойындарын «Сібірді» 1:0 есебімен жеңуден бастады. Бұл жеңіс астаналық клуб үшін осы чемпионаттағы оныншы жеңіс болды. Мэйсон Морелли жеңіс шайбасын соқса, Андрей Шутов қақпаға бағытталған 31 соққыны қайтарып, маусымда екінші рет қақпасын голдан аман сақтады. Қазіргі уақытта ол қайтарылған соққылардың пайыздық көрсеткіші бойынша Лига қақпашыларының рейтингінде көш бастап тұр (95,4). Астаналықтардың бас бапкері мұндай жеңістер командаға қосымша жағымды эмоциялар сыйлайтынын атап өтті.

16 матчтан кейін 20 ұпай жинаған қазақстандық команда Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Джастин Бэйлидің еншісінде 18 (10+8) ұпай бар. Логан Дэй (2+11) тұрақты чемпионаттың нәтижелі қорғаушылары арасындағы үздік үштікке кіреді. Семён Симонов қазіргі уақытта чемпионаттағы ең пайдалы хоккейші саналады (+14). Қиыр Шығыстағы сапар аясында өтетін қалған екі матчта «Барысқа» аурудан кейін қалпына келіп жатқан Всеволод Логвин көмектесе алмайды.

«Амур» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Тікелей трансляция KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК-ның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК-ның серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын» ҚҚ.

Match day Away (1).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Ақтөбе - Номад сериясы алдында

new-preview
Nomad

Номад қатарынан 13-ші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
12 фото
Nomad

Торпедо - Номад