«Номад» сырт алаңдағы ойындар сериясын жалғастырып, Ақтөбеде жергілікті командамен кездеседі.
«Ақтөбе» өз алаңындағы сериясын «Бейбарысқа» қарсы бастап, Атырау командасын екі кездесуде де 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы ойында Галиаскар Аипов дубль авторы атанды. Екінші кездесуде Алексей Козорез бен Максим Базанов шайба соқты.
Астаналықтармен кездесер алдында «Ақтөбе» 18 ойыннан кейін 9 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.
Ал «Номад» сырт алаңдағы серия аясында Көкшетауда ойнап, жергілікті командамен жеңістерді бөлісті. Алғашқы кездесуде елордалық ұжым 2:3 есебімен жеңіліп, жеңісті сериясын үзді. Николай Шульга мен Асанәлі Русланұлы гол авторлары атанды. Екінші ойында «Номад» 4:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Даниил Медведев, Асанәлі Саркенов, Никита Мерзликин және Кирилл Никитин шайба соқты.
Қазіргі таңда «Номад» 18 ойыннан кейін 34 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап келеді.
Кездесу сағат 19:00-де басталады.
Тікелей трансляцияны Ligasy TV платформасынан көруге болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.