Амур – Барыс матчы алдында
10 Наурыз 2026

Амур – Барыс матчы алдында

Наурыз айындағы алты сырт алаңдағы матчтың төртіншісін «Барыс» Хабаровскіде өткізеді.

Плей-оффқа шығу үшін күресті жалғастырып жатқан «Амур» өткен турда өз мұз айдынында «Салават Юлаевты» 6:3 есебімен жеңді. Уфа командасының қақпасына Олег Ли, Григорий Кузьмин, Артём Шварев, Ярослав Лихачёв, Александр Гальченюк және Кирилл Петьков шайба салды. Максим Дорожко қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарды. Александр Андриевскийдің айтуынша, жанкүйерлер үшін ойын қызықты болғанымен, бапкерлерге мұндай хоккей аса қуаныш әкелмейді.

Қазіргі таңда хабаровскілік клуб 63 матчтан кейін 57 ұпай жинаған. Команданың үздік бомбардирі  Ярослав Лихачёв (22+17). Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Роман Абросимов пен шабуылшы Алекс Броадхёрст бар.

«Барыс» сенбі күні Шанхайда қонақта болды. Мұнда KHL World Games аясындағы матчтар өтті. Нәтижелі өткен кездесуде астаналық команда «Айдаһарларды» 8:4 есебімен жеңді. Матчтың басты батыры Майкл Веккьоне. Ол хет-трик жасап, тағы екі нәтижелі пас берді және маусымда 40 ұпайдан асты (17+25). Қонақтардың төрт нәтижелі шабуылына Мэйсон Морелли қатысты. Сонымен қатар Кирилл Савицкий, Райли Уолш, Семён Симонов (чемпионатта 20 ұпай, 12+8) және Всеволод Логвин гол соқты. Дмитрий Бреус ҚХЛ-дегі мансабында алғаш рет маусымда 10 (1+9) ұпайлық межеге жетті. Лигадағы жүзінші ойынын өткізген Никита Бояркин 33 сейв жасады. Михаил Кравец ойыншылары сапалы ойын көрсеткенін, ал қорғаныстағы кемшіліктерді шабуылдағы, әсіресе артықшылықтағы сенімді ойын толықтырғанын айтты.

63 матчтан кейін қазақстандық клубтың еншісінде 49 ұпай бар. Райли Уолш 15 шайбасымен осы маусымдағы тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушы-мергендерінің алғашқы үштігіне кіреді. Бүгінгі «Амурға» қарсы ойында Әлихан Әсетов қатыспайды, ол маусымдағы үшінші төбелесі үшін бір матчқа дисквалификация алды.

Матч «Амур» – «Барыс» Астана уақытымен 14:15-те басталады.

Кездесу KHL және KHL Prime телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

matchday social (3).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы