Адмирал - Барыс матчы  алдында
21 Қазан 2026

Адмирал - Барыс матчы алдында

«Барыс» Қиыр Шығысқа жасаған алғашқы сырт алаңдағы сапарын «Адмиралмен» кездесумен аяқтайды.

Владивостоктық команда өткен турда өз алаңында «Салават Юлаевты» қақпасына гол жібермей, 2:0 есебімен жеңді. «Теңізшілерге» жеңіс әкелген голдарды командаға жаңадан қосылған Борна Рендулич алғашқы матчында-ақ соқты, сондай-ақ Иван Муранов мергендік танытты. Никита Бояркин 23 соққыны қайтарды. Олег Браташ ойыншыларының екі ұпай еншілегені маңызды екенін, алға қойылған мақсатқа жету жолында ең бастысы осы екенін атап өтті.

Владивостоктық клуб 16 матчтан кейін 15 ұпай жинады. Команданың үздік сұрмергені - Энтони Камара (6+1). Ол жеті ұпайдан жинаған үш әріптесінен соғылған шайба саны бойынша алда келеді. Жарақат алған ойыншылар тізімінде Иван Кульбаков, Марио Грман және Артём Пименов бар.

«Барыс» дүйсенбі күні шабуылда жаман ойнамағанымен, бірнеше өрескел қателік жіберіп, Хабаровскіде «Амурға» 2:5 есебімен жол берді. Қазақстандық команда сапынан Ансар Шайхмедденов пен Джастин Бэйли гол соқты. Бэйли чемпионаттың үздік мергендері көшін 11 шайбамен жеке бастап тұр. Чейз Приски маусымдағы нәтижелі пастарының санын 10-ға жеткізді. Лига екінші рет аптаның үздік қақпашысы деп таныған Андрей Шутов бұл кездесуде 23 соққыны қайтарды. Михаил Кравец жеңіске жету үшін қарсылас қақпасына бағытталған соққылардың саны ғана емес, олардың сапасы да маңызды екенін айтты.

Қазақстандық клуб 17 матчтан кейін 20 ұпай жинады. Логан Дэй соңғы тоғыз ойынның сегізінде ұпай еншілеп, чемпионаттың үздік үш қорғаушы-сұрмергенінің қатарына енді (2+12). Сонымен қатар, «Барыстың» 26-нөмірлі ойыншысы Джейк Масси және Семён Симоновпен бірге осы маусымдағы ең пайдалы ойыншы атағын бөлісіп отыр. Үшеуінің де пайдалық көрсеткіші +13.


«Адмирал» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады.

Тікелей трансляция KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Match day Away (2).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы