Адмирал – Барыс матчы алдында
12 Наурыз 2026

Адмирал – Барыс матчы алдында

«Барыс» Владивостокта сырт алаңдағы турнесін жалғастырады.

Өткен турда «Адмирал» өз алаңында тартысты кездесуде «Нефтехимикке» 3:4 есебімен есе жіберді. Команда сапынан Егор Чезганов, Никита Ефремов және ұжымның үздік бомбардирі Либор Шулак (14+27) мергендік танытты. Қақпашы Адам Хуска қарсылас қақпасына бағытталған 19 соққыны қайтарды. Олег Браташтың айтуынша, команда белгілі бір сәттерде жіберген қателіктерінің салдарынан өзіне өзі кедергі келтірген.

63 матчтан кейін приморлық команда 46 ұпай жинады. Қазіргі уақытта лазаретте бес ойыншы бар: қорғаушылар Марио Грман мен Семён Ручкин, сондай-ақ шабуылшылар Александр Дарьин, Владислав Кара және Иван Муранов.

«Барыс» шығыс бағытындағы сапарын сәтті жалғастырып, Хабаровскіде «Амурды» 3:0 есебімен жеңді. Кездесудің басты батыры Никита Бояркин болды. Ол маусымдағы алғашқы «құрғақ» матчін өткізіп, 34 соққыны қайтарды. Майкл Веккьоне дубль жасап, команданың үздік бомбардирі атанды (19+25). Әлихан Өмірбеков (5+12) ҚХЛ-дегі жеке нәтижелілік рекордын жаңартты. Тайс Томпсон маусымдағы 10 нәтижелі пас көрсеткішіне жетті. Михаил Кравец бұл жеңістің командалық еңбектің арқасында келгенін атап өтті.

Тұрақты чемпионаттағы 64 матчтан кейін қазақстандық команда 51 ұпай жинады. Дінмұхамед Қайыржан ҚХЛ-дегі 200-ші ойынын өткізуге дайындалып жатыр.

«Адмирал» – «Барыс» матчы Астана уақыты бойынша 14:30-да басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясы KHL, KHL Primeжәне Qazsport телеарналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

matchday social.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы