“Барыс” сырт айдындағы ойындар сериясын Уфа қаласында “Салават Юлаев” клубына қарсы ойынмен жалғастырады.
Командалар осыдан екі жұма бұрын дәл осы “Уфа-аренада” кездесіп, онда айдын иелері 5:1 есебімен сенімді жеңіске жеткен. Одан кейінгі қатарынан бес матчта “Салават Юлаев” ұпай жинаса да, оның үшеуінде жеңіліс тапты. Соңғы ойында Виктор Козловтың шәкірттері омбылық “Авангардтан” буллиттер сериясында 3:4 есебімен жеңілген. Бұл кездесу уфалық қорғаушы Михаил Науменковтың автоголымен есте қалған. Сергей Шмелев, Александр Кадейкин мен Павел Коледов омбылық клубқа қарсы матчта ұпай еншіледі. Ал қақпашы Илья Ежов 34 соққыға тосқауыл бола білді.
“Салават Юлаев” 28 ойында 40 ұпай еншілеп, Шығыс конференциясында екінші орында келеді. Шабуылшы Сергей Шмелев командадағы ең үздік сұрмерген, ол 11 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
“Металлургпен” болған ойында бапкер ретінде Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-матчын өткізген Андрей Скабелка шәкірттері бір ұпай алып, буллиттер сериясында 2:3 есебімен жеңілді. Магниторскідегі матчта қорғаушы Нельсон Ножье Лигадағы алғашқы шайбасын соғып қана қоймай, тағы бір нәтижелі пас беріп көзге түсті. Ал команданың екінші шабасының авторы Джереми Бракко атанды. Қақпашы Юлиус Гудачек болса, 28 соққыны кері қайтара білді.
“Барыс” 29 ойыннан кейін 26 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 9-орында. Команда капитаны Линден Вей 12 гол, 7 паспен “Барыстың” сұрмергендерінің көшін бастап, Лиганың үздік снайперлерінің тізіміне еніп тұр.
“Салават Юлаев” - “Барыс” матчы елорда уақытымен 17:00-де басталады.
Ал ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport, KHL және KHL Prime телеарналарынан және Bassport.kz сайтынан тамашалай аласыздар.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.