ҚХЛ. Барыс – Витязь матчының алдында
08 Қараша 2022

ҚХЛ. Барыс – Витязь матчының алдында

«Барыс» үй сериясын «Витязь» командасымен болатын кездесумен аяқтайды.

Ағымдағы тұрақты чемпионаттағы осы командалардың алғашқы кездесуінен бері екі ай өтті. 7 қыркүйекте «Барыс» Балашихада 0:5 есебімен айдын иелеріне жол берген еді.

Мәскеу облысының ұжымы өткен турда Омбыда «Авангардқа» 1:3 есебімен жеңілді. Өзінің мергендік есебін «Витязьдің» үздік бомбардирі Александр Яремчук (9+10) толықтырды, ол қатарынан төрт кездесуде ұпай жинауда. Қақпашы Дмитрий Шикин қақпасына бағытталған 23 соққыны қайтарды. «Витязь» командасының бас бапкері Вячеслав Буцаев матчтан кейін командасы жақсы ойын көрсете алмағанын атап өтті.

Бүгінгі таңда «Витязь» Батыс Конференциясының турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Команда қоржынында 27 матчтан кейін 30 ұпай бар. Қорғаушы Джереми Рой пайдалылық көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарына кіреді (+20). Қақпашы Максим Дорожко – қайтарылған соққылар пайызы бойынша ҚХЛ-дағы үздік (95.6%) және сенімділік коэффициенті бойынша екінші (1,46) қақпашы. 7 қараша күні кешке жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Роман Абросимов пен шабуылшы Тайлер Граовац болды.

«Барыс» өткен турда өз айдынында «Адмиралға» 1:4 есебімен жол берді. Егор Петухов ағымдағы маусымда сегізінші шайбасын соқты, дәл қазір ол команданың екінші мергені. ҚХЛ-дағы нәтижелілігі үшін алғашқы ұпайын қорғаушы Тамирлан Гайтамиров алды. Қақпашы Юлиус Гудачек бұл ойында қақпасына бағытталған 20 соққының 16-сын ғана қайтара алды. Андрей Скабелка екінші кезеңде қатарынан төрт рет ойыннан қуылғаннан кейін оның ойыншыларына есепті теңестіруге деген ұмтылыс жетпегенін айтты.

Бірқатар сәтсіз матчтардан кейін «Барыс» Шығыс конференциясының кубоктық сегіздігін түсіп қалды. Қазақстандықтар 27 ойыннан кейін 25 ұпайға ие. Линден Вей (12+6) астаналықтардың үздік бомбардирі болып қала беруде. Ансар Шайхмедденов пен Майкл Шапю жарақат алғандар тізімінен шығарылып, жалпы топта екі күн жаттықты. Никита Михайлис әлі де жарақат алғандар тізімінде.

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан және біздің ticket.hcbarys.kz сайтынан сатып алуға болады.

Тікелей эфир Qazsport және KHL Prime арналарында, сондай-ақ Bas Sport сайтында көрсетіледі.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады