ҚХЛ. Барыс – Сібір. Баспасөз конференциясы (бейне)
25 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – Сібір. Баспасөз конференциясы (бейне)

«Барыс» - «Сібір» матчынан кейін (2:1 ОТ) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Мартемьянов, «Сібірдің» бас бапкері:

- Қорғаныстағы мықты ойын үшін командаға алғыс айтқым келеді, біздің қақпашыға бүгін біздің аймақта көп ойнауға тура келді. «Барыс» шабуылда өте мықты болды, біз тек тойтарыс берген жоқпыз, әрі қорғандық. Ұпай алғанымызға қуаныштымын, егер кей жағдайлар болмағанда, одан да көбірек алуға болар еді. Бірақ қалай болды, солай болды, ұпай ештеңеден жақсы.

Юрий Михайлис, «Барыс» командасының бас бапкері:

 - Бүгін ауыр ойын болды. Қарсыластар ұпай үшін келді, соңына дейін күресуге дайын болды, біз оны көрдік. Бірінші кезең тең дәрежеде өтті. Екінші кезеңде артықшылық бізде болды, көптеген голдық сәттер жасалды, бірақ әзірге бізге гол кіргізу оңайға соқпайды. Үшінші кезеңде тағы да тең күрес болды. Овертаймда көпшілік алдында жақсы ойнады. Жігіттерге рақмет! Йони Ортио да бүгін өте жақсы ойын көрсетті.

- Дене шынықтыру даярлығы бойынша жаңа жаттықтырушының кандидатурасы бойынша шешім қабылдағанда, сіз нені басшылыққа алдыңыз?

- Азамат тәжірибелі және команданы дайындауды біледі. Ол келген соң, балалармен және жаттықтырушылар штабымен бірден ортақ тіл табысып кетті. Сондықтан бұл біздің команда үшін тек пайдасын әкеледі.

- Бүгін Кристиан Томас құрамға кірмеді. Бұл сіздің жаттықтырушылық шешіміңіз бе?

- Бұл – бүкіл жаттықтырушылар штабының шешімі. Біз бүгін «Сібір» келіп, күресетінін түсіндік. Бізге Кирилл Савицкий сияқты ойыншы керек еді, ол бүгін шабуыл жасап, шайбаның алдына көп тойтарыс берді. Жалпы команда үшін көптеген пайдалы жұмыстар жасады.  

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Асанәлі Русланұлы: «Хоккей – өмірімдегі нөмірі бірінші спорт түрі»

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные барсы командасынын ойыңдардың қорытындысы

video-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Хоккейлік отбасы Наурыз мейрамын атап өтуде.