ҚХЛ. Барыс-Куньлунь. Матч алдында
10 Қыркүйек 2020

ҚХЛ. Барыс-Куньлунь. Матч алдында

 10 қыркүйек, бейсенбі күні «Барыс»  маусымда алғашқы матчты өз жерінде өткізеді. «Барыс аренада» біздің команда қытайлық «Ред Стар Куньлунь» командасын қабылдайды. Ойын жабық трибунада өтеді. «Барыс» сапардан мүмкіндігінше,  50% ұпай жинап оралды. Ригада жеңіске жетіп, команда кейіннен Минскіде овертаймда жеңіліп, Мәскеудегі ойында негізгі уақытта  жеңіліп қалды. ЦСКА-мен болған матчта Никита Михайлис латырған шайбасымен көзге түсті - бұл оның ҚХЛ-дағы 100-ұпайы. Шығыс кестесінде «Барыс»  жетінші орында – 3 ойында 3 ұпай. Тізімде жарақат алғандар жоқ.

Қытайлық клуб маусымды сыртта бастады, бұл «Кунлун» сырттағы төртінші ойыны. Бұған дейін Алексей Ковалевтің командасы «Металлургке» (1:2), «Тракторға» (1:3) және «Автомобилистке» – 0:7 есебімен жол берген болатын. Команда шетелдік легионерлерге сенімі білдірмейді және бұл маусымды Қытайдан тыс жерде,  Мәскеу маңындағы Мытищиде  өткізеді. «Куньлунның» қорғаушысы Олег Пиганович (ҚХЛ-да 99 нәтижелі пас) және шабуылшы Антон Глинкин (99 гол) дөңгелек сандарға жақын. Өткен маусымда Қазақстан мен Қытай командалары төрт рет күш сынасып, араларында күшті анықталмады– 0:1, 3:2, 2:5, 2:1.

Матч «Барыс Аренада» 19: 30-да басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ-ТВ телеарналарында өтеді.
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 1,45 | Х - 5,10| П2-6,00. 

 «Барыс» ХК Бас әріптесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Лада – Барыс матчы алдында

new-preview
Barys

Барыстың маусымдағы алғашқы сырт алаң сериясына құрамы

new-preview
Barys

Барыс маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады