ҚХЛ. Барыс – Йокерит. Матч алдында
19 Қаңтар 2021

ҚХЛ. Барыс – Йокерит. Матч алдында

"Барыс" кезекті көшпелі сериясын "Йокеритпен" болатын ойынмен ашады.

Жұма күні Финляндия астанасының ұжымы Мәскеуде "Спартакты" ұтты-3:1. Бұл ойында Ессе Йоэнсуу, Юлиус Юнттила және Питер Регин бір-бір реттен ерекшеленді, барлық үш шайба да  әр түрлі ойын жағдайларында тасталды. Қақпашы Янис Калниньш   өзінің активіне тойтарылған 25 лақтырысты қосты.

Қазіргі уақытта "Йокерит" Батыс конференциясында бесінші орында тұр. 43 матчта команда 53 ұпай жинады. Жарақат алғандар тізімінде қақпашы Андерс Линбек пен шабуылшы Ииро Пакаринен бар.

"Барыс" өз айдынындағы ойын сериясын "Амурды" ұтқан жеңісімен аяқтады - 3:2. ҚХЛ-дағы алғашқы хет-трикті шабуылшы Никита Михайлис рәсімдеді. Хенрик Карлссон 39 лақтырудың 37-не төтеп берді.

44 матчта Юрий Михайлистің шәкірттері 51 ұпай жинады. Бұл Шығыстағы сегізінші нәтиже. Команданың лазаретінде екі қорғаушы бар: Виктор Сведберг және Леонид Метальников.

Ағымдағы маусымдағы командалардың бірінші кездесуінде "Йокерит" Қазақстан астанасында овертаймда – 5:4 есебімен жеңіске жетті.

"Хартвалл-Аренада" өтетін ойын елорда уақытымен 22:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және КХЛ-ТВ HD.

Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады: П1 - 1,75 | Х – 4,10 | П2 - 4,20.

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2