Бүгін Константин Пушкарёв ойыншылары сырт алаңдағы серия аясында «Ақтөбеге» қарсы екінші кездесуін өткізді. Матч 5:4 есебімен аяқталып, «Номад» қиын жеңіске қол жеткізді.
Ойынның алғашқы кезеңінде Кирилл Никитин мен Матвей Умеренков астаналықтардың алғашқы шайбасын соғуға атсалысты. Алайда осы сәтте Умеренковтың беті жарақаттанып, ол кездесуді жалғастыра алмады. Көп ұзамай Хакназар Кенесбай қонақтардың басымдығын еселей түсті.
Дегенмен ақтөбеліктер таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. Ян Хоменко, Галиаскар Аипов және Максим Базанов қарсылас қақпасын дәл көздеді. Кейін Әділ Бейсембаев қарсыластың айып уақытын тиімді пайдаланып, есепті теңестірді. Бірақ артынша Захар Захаров алаң иелерін қайтадан алға шығарды.
Кездесудің шешуші сәтінде «Номад» ойыншылары басымдық танытты. Хакназар Кенесбай дубль авторы атанса, Абай Мангисбаевтың соққан шайбасы астаналықтарға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 5:4, «Номад» жеңіске жетті.
«Ақтөбе» - «Номад» 4:5 (0:1, 2:1, 2:3)
0:1 - 11:56 Умеренков (Никитин, Цыбин)
0:2 - 21:27 Кенесбай (Китаров)
1:2 - 27:32 Хоменко (Аипов, Базанов)
2:2 - 32:32 Аипов (Базанов, Хоменко) АГ
3:2 - 43:14 Базанов (Хоменко, Құрсақбаев)
3:3 - 46:58 Бейсембаев (Никитин, Гросс)
4:3 - 47:10 Захаров (Астраханцев, Трибунский)
4:4 - 48:40 Кенесбай (Мигунов, Китаров)
4:5 - 49:50 Мангисбаев (Никитин, Гросс)
Қақпашылар: Костюков - Шестаков (59:43-60:00 Лыткин)

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.