Ибрайбеков пен Преснов "Барыста" қалды
05 Тамыз 2020

Ибрайбеков пен Преснов "Барыста" қалды

Қорғаушы Мадияр Ибрайбеков пен шабуылшы Дмитрий Преснов "Барыс" үшін өнер көрсетуді жалғастырады. Екі хоккейші де 1 жыл мерзімге екі жақты келісімшартқа қол қойды.

Ибрайбеков өткен маусымды "Номадта" өткізді, оның капитаны болды. ВХЛ-дағы дебюттік маусымдағы 51 матчта қорғаушы 9 (1+8) ұпай жинады. Жалпы, Мадияр 2011 жылдан бері "Барыс" жүйесінің командаларында ойнап келеді. 

Преснов "Барыс" жүйесінде 2013 жылдан бері өзінің ересек мансабы бойы ойнап жүр. Форвард ауыр жарақатқа байланысты өткен маусымның көп бөлігін өткізіп алды. "Номад" үшін ВХЛ-да тек 8 матч ойнап үлгерді, онда ол нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады