Барыс тағы да овертаймда жеңілді
20 Ақпан 2026

Барыс тағы да овертаймда жеңілді

Ақпан айындағы серия аясында «Барыстың» төртінші қарсыласы «Shanghai Dragons» болды. Астаналық команданың бапкерлік штабы «Металлургпен» өткен ойыннан кейін құрамға өзгеріс енгізген жоқ.

Қытайлық ұжым алғашқы саналы шабуылдарының бірінде-ақ есеп ашты. Никита Бояркинді Борна Рендулич қапы қалдырды. «Барыс» кезеңнің екінші жартысында ойынға қайта оралды. Алдымен Әлихан Әсетов жылдам ұйымдастырылған тамаша шабуылға нүкте қойды, ал сәл кейінірек Райли Уолш пен Мэйсон Морелли басымдықты сәтті пайдаланып, әрқайсысы бір-бір шайбадан соқты.

Келесі голдар үшінші кезеңде тіркелді. Алдымен Спенсер Фу аз құрамда көзге түсті, ал негізгі уақыттың аяқталуына төрт жарым минут қалғанда Павел Акользин есепті теңестіріп, матчты овертаймға ұластырды. Қосымша уақытта қонақтар шайбаны өз бақылауында ұстап, шешуші соққыны Трой Джозефс орындады.

22 ақпанда Михаил Кравецтің ойыншылары ақпандағы үй матчтарының бағдарламасын «Северстальмен» өтетін кездесумен аяқтайды.

«Барыс» - « Shanghai Dragons» 3:4 ОТ (3:1, 0:0, 0:2, 0:1)

0:1 – 03:51 – Рендулич (Меркли, Куинни)

1:1 – 13:51 – Әсетов (Уолш, Логвин)

2:1 – 16:54 – Уолш (Веккьоне, Морелли) АГ

3:1 – 17:55 – Морелли АГ

3:2 – 46:49 – Фу С. (Саттер) АГ

3:3 – 55:37 – Акользин (Меркли, Брынцев)

3:4 – 62:48 – Джозефс (Рендулич)

Қақпашылар: Бояркин – Тихомиров

«Барыс Арена». 6 164 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_8723.jpg


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы