«Барыс» Қиыр Шығыстағы сырт алаңдағы сапарын «Адмиралға» қарсы екінші матчпен аяқтады. Қонақтар бапкерлері негізгі қақпашы ретінде Адам Шилге сенім артты, ал қатарынан үш кездесу өткізген Никита Бояркинге демалыс берілді.
Ойынның алғашқы лақтыруынан бастап астаналықтар шайбаны өз бақылауына алды. Алайда кезеңнің ортасында «Барыс» қарсыластың қарсы шабуылын өткізіп алып, Дмитро Тимашов есеп ашты. Дегенмен қонақтар жылдам жауап қайтарды – Всеволод Логвин Джейк Масси стилінде, шайбаны қақпаға дәл бағыттады.
Екінші кезеңнің басында Тайс Томпсон Владивосток жанкүйерлерінің көңілін екінші рет су сепкендей басты. Бірақ бұл жолы «Адмирал» да тез жауап беріп, Егор Чезганов есепті теңестірді. Одан кейін Павел Шэн мен Вячеслав Основиннің голдары қарсылас бапкерлерін қосалқы қақпашы Андрей Шутовты ойынға шығаруға мәжбүр етті.
Үшінші кезеңде Дмитрий Завгородний қонақтардың бос қақпасына шайба енгізді. Ал кездесудің қорытынды есебін Дмитрий Дерябин белгіледі.
16 наурызда Михаил Кравецтің ойыншылары «Адмиралды» Астанадағы өз алаңында қабылдайды.
«Адмирал» – «Барыс» 6:2 (1:1, 3:1, 2:0)
1:0 – 09:36 – Тимашов (Усманов, Чезганов)
1:1 – 11:22 – Логвин
1:2 – 21:17 – Томпсон (Уолш)
2:2 – 23:38 – Чезганов (Усманов, Шулак)
3:2 – 27:18 – Шэн (Старков)
4:2 – 29:13 – Основин (Олсон, Дерябин)
5:2 – 58:45 – Завгородний (Тимашов, Основин) БҚ
6:2 – 58:57 – Дерябин (Солянников, Шэн)
Қақпашылар: Кульбаков – Шил (Шутов, 29:13-60:00)
КСК «Фетисов Арена». 4 920 көрермен.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.