Барыс жинаған ұпайлар сериясын жалғастырды
22 Ақпан 2026

Барыс жинаған ұпайлар сериясын жалғастырды

«Барыс» ұзаққа созылған үй сериясын Батыс конференциясының көшбасшыларының бірі «Северстальға» қарсы матчпен аяқтады. Жарақатына байланысты Майкл Веккьоне бұл кездесуге қатыса алмады, оның орнына шабуыл шебінде Максим Мухаметов тіркелді. Қорғаныста бүгінгі туған күн иесі Дмитрий Бреус Кирилл Никитиннің орнын басты.

Кездесудің алғашқы бөлігінде астаналықтар уақыттың басым бөлігін аз құрамда ойнаумен өткізіп, бірден 8 минут айып уақытына ие болды. Осы мүмкіндіктердің бірін «Северсталь» тиімді пайдаланып, есепті Данил Аймурзин ашты. Бұл кезеңде «Барыс» Тайс Томпсонның бағанаға тиген соққысымен және 4-ке 5 форматында Адам Шилдің жасаған тамаша сейвімен ғана есте қалды.

Екінші кезеңде де алаң иелері азшылықта сенімді ойнады. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, череповецтік ұжым минималды басымдығын сақтап қалды.

Үшінші кезеңнің басында Кирилл Танков қонақтардың басымдығын арттырып, есепті 0:2-ге жеткізді. Соған қарамастан, «Барыс» ойынын тоқтатпай, негізгі уақытта жеңілістен құтылып кетті. Всеволод Логвин мен Мэйсон Морелли 21 секунд аралығында шайба соғып, таразы басын теңестірді. Қазақстандық ұжымның камбегін Макс Уиллман түйіндеуі мүмкін еді, алайда ол үшінші кезеңнің соңғы минутында белгіленген буллитті сәтті орындай алмады.

Овертаймда қосымша ұпайды «Северстальға» дубль авторы Аймурзин алып берді.

28 ақпанда Михаил Кравецтің ойыншылары Мәскеуде «Спартакпен» кездеседі.

«Барыс» - «Северсталь» 2:3 ОТ (0:1, 0:0, 2:1, 0:1)

0:1 – 08:45 – Аймурзин (Скоренов, Ильин) АГ

0:2 – 43:40 – Танков (Калдис, Чефанов)

1:2 – 52:13 – Логвин (Әсетов)

2:2 – 52:34 – Морелли (Симонов)

2:3 – 61:05 – Аймурзин (Ильин)

Қақпашылар: Шил – Самойлов

«Барыс Арена». 6 858 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_0840 (9).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Барыс жүйесінің өкілдері Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
Barys
Барыс

Никита Ломако – Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымның үздік қорғаушысы

new-preview
Barys
Барыс

Барыс Jastar Ligasy турнирінің алты дүркін чемпионы