Зубов пен Волк Беларусь құрамасымен екінші матч туралы
22 Тамыз 2021

Зубов пен Волк Беларусь құрамасымен екінші матч туралы

«Барыс» шабуылшылары Алексей Зубов пен Кертис Волк Беларусь құрамасымен екінші матчтан кейін алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

Алексей Зубов

- Үй турнирінен басқа ойындар, басқа жылдамдықтар басталды. Мен басқа деңгейді сезіндім. Тез ойлап, тез қозғалу керек. Негізінде, мен тылсым нәрсе бар деп айтпаймын, олар да адамдар. Біз бүгін жақсы ойын көрсеттік.

- Бүгін сен «Барыс» сапындағы алғашқы шайбаны тастадың. Бұл маусым алдындағы матч болса да, оны алып қойдың ба?

- Осы сәт үшін Гураға көп рахмет айту керек (Дмитрий Гурков – авт.). Ол сол жерде керемет жұмыс істеді және берді, маған тек қақпашымен ойнау қалды. Шайбаны алуға тырыспадым. ҚХЛ маусымы басталғанда мен тағы да гол соғамын деп үміттенемін.

- Шағын жекпе-жектердің бірінде сен әжептәуір дриблинг көрсеттің, бірақ жағдай кедергі болды.

- Жалпы, біз жаттықтырушылардың тапсырмасы бойынша әрекет етуге тырысамыз, бірақ осы эпизодта біраз әуреленуді шештім. Әрине, қазір командаға енді келгендер алдымен жаттықтырушылар штабына бізге сенім артуға болатындығын және жауапты сәттерде командаға кедергі жасамайтынымызды дәлелдеуі керек.

Кертис Волк

- Біз екінші ойынды бірінші ойыннан жақсы өткіздік деп ойлаймын. Энергия көп болды. Көпшілік, азшылықта тағы да түрлі сәттерді пысықтадық. Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек, сонда біз чемпионат басталғанда жақсы формада боламыз.

- Сен бір-біріне ұқсас болып шыққан екі шайбаны соқтың.

- Иә, бізде кері серпіліспен және ұстап қалумен осындай екі жағдай орын алды. Бүкіл бестіктің жұмысы, сондықтан менде осындай екі сәт болды. Ең бастысы, екі ретте де шайба қақпаға кірді.

- Төртінші шайба Никита Михайлиске  жазылды. Бұл сәтті талқыладыңыздар ма?

- Никита шайбаға қол тигізбегенін айтты (жымиды). Демек, бұл хет-трик болды. Ештеңе етпейді, бастысы, біз гол соқтық.

- Беларусь құрамасы туралы не айта аласың?

- Жақсы команда, өте жылдам ойнайды. Гол соға алатын шабуылдаушы ойыншылар көп. Оларға олимпиадалық іріктеуде сәттілік тілеймін.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2