«Барыс» сырт алаңдағы сериясының алтыншы матчында Санкт-Петербургте «Шанхайские Драконы» командасымен кездесті. Минскіде жеңіске жеткеннен кейін астаналық клубтың бапкерлер штабы құрамға өзгеріс енгізген жоқ.
Андрей Шутовтың қақпасын голдан аман сақтау сериясы алғашқы кезеңнің ортасында үзілді. Владислав Барулин қарсылас қорғаушысынан босап шығып, бір жанасумен дәл соққы жасап, қонақтар қақпашысын қапы қалдырды. Кейін Бреннан Менелл көк сызықтан бағыттаған дәл соққысымен «Шанхайские Драконы» командасының басымдығын еселей түсті.
«Барыс» ойыншылары Әлихан Әсетов пен Дживани Смит арасындағы жұдырықтасудан кейін белсенділігін арттырды. Осы эпизодтан соң астаналықтар қарсыластарын бірнеше рет айып алаңына жіберіп, сан басымдығын тиімді пайдалануға кірісті. Алдымен Тайс Томпсон Джастин Бэйлидің «5-ке 3» форматындағы соққысына тосқауыл болып, шайбаның бағытын өзгертіп, есеп айырмасын қысқартты. Арада көп уақыт өтпей, №9 ойыншы «5-ке 4» форматында дубль авторы атанды.
Үшінші кезеңде қонақтар таразы басын өз пайдасына аударды. ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын соққан Асанәлі Сәркеновтің голы жеңіс шайбасына айналды. Ал матчтың соңғы секундтарында Томпсон қарсыластың бос қақпасын дәл көздеп, Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы хет-тригін тіркеді.
4 қарашада Михаил Кравец ойыншылары Челябі қаласында «Трактормен» кездеседі.
«Шанхайские Драконы» - «Барыс» 2:4 (1:0, 1:2, 0:2)
1:0 - 10:51 - Барулин (Александров)
2:0 - 20:20 - Менелл (Саттер)
2:1 - 29:37 - Томпсон (Бэйли, Морелли) АГ
2:2 - 30:46 - Томпсон (Приски, Морелли) АГ
2:3 - 54:33 - Сәркенов (Пилон, Маккошен)
2:4 - 59:43 - Томпсон БҚ
Қақпашылар: Мифтахов - Шутов
«СКА Арена». 7 361 көрермен.
«Барыс» хоккей клубының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.