Өскеменде әйелдер хоккейі бойынша екінші рет өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының сапына «Томирис» клубының сегіз хоккейшісі кірді. Ұлттық команданы бапкерлер тандемі Александр Тебеньков пен Жасұлан Оразбаев басқарды.
Жапония және Қытай құрамалары сияқты тәжірибелі қарсыластармен кездесулерде қазақстандық қыздар жеңілді (екі ойын да 0:6 есебімен). Ал үшінші орын үшін өткен ойында Тебеньковтің ойыншылары Пернеш Әшимова, Анастасия Оразбаева және София Зубкованың шайбаларының арқасында (3:1) маңызды жеңіске қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола медаль иегері атанды. Турнир жеңімпазы атанған Жапония командасы, ал Қытай екінші орынға ие болды. «Томирис» қақпашысы Арина Щёколова жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылды. Сонымен қатар, Юлия Буторина, Дария Молдабай, Александра Воронова, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова және Александра Шегай да медаль иеленді.
- Алдымен айта кетейін, біз турнир басталардан төрт күн бұрын ғана жиналдық, - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Тебеньков. - Осындай қысқа уақыт ішінде сегіз ай бойы бірге ойнамаған құрамадан команда қалыптастыру оңай емес. Бұл аз уақыт, сондықтан алғашқы ойындар сәтсіз өтті: өз ойынымызды іздедік, дұрыс құрамды таңдадық, кіммен кім жақсы ойнайтынын анықтадық. Бірақ турнир соңына қарай команда өз ойынын тапты. Бұл өте жақсы турнир болды, мықты қарсыластармен кездесулер өтті. Жапония элиталық дивизионда ойнайды, онымен ойнау біз үшін үлкен тәжірибе. Оларды қарсы алу үшін көп еңбектеніп, сол элитаға өту керек. Қытай бірінші дивизионда ойнайды. Ал Корея біздің жиі кездесетін қарсыласымыз. Соңғы бір жылда бес рет кездескен болсақ, барлығында да жеңіске жеттік. Бұл маңызды, жоғары деңгейдегі турнир. Мұнда жақсы ойын тәжірибесін алуға, өз дамуымызды және басқалардың деңгейін көруге мүмкіндік бар. Енді тек алға ұмтылу керек.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.