2025 жылдағы соңғы ойында «Барыс» Омбыда «Авангардпен» кездесті.
Бірінші кезеңнің алғашқы жартысындағы ең қауіпті сәтті алаң иелері жасады – Семён Чистяков Никита Бояркин күзеткен қақпаның сол жақ тірегін дәл көздеді. Бұған «Барыс» нәтижелі қарсы шабуылмен жауап беріп, шабуылдың ұшында тұрған Всеволод Логвин 13-минутта есеп ашты. Екінші кезеңнің басында Әлихан Өмірбеков пен Әлихан Әсетов қарсыластың аймағында қысым жасап, нәтижесінде астаналықтардың 96-нөмірлі ойыншысы осы маусымда командасының азшылықта соққан алғашқы шайбасын соқты. Омбылықтарды ойынға Василий Пономарёв қайтарды. Ол Никита Бояркинді қақпа алдындағы жекпе-жекте бірден соққы жасап ұтып түсті. Алайда екінші үзіліске дейін қонақтар айырманы қайтадан екі шайбаға жеткізді. Әсетовтың тамаша пасынан кейін Кирилл Панюков мергендік танытты.
Қорытынды кезеңнің ортасында Марсель Ибрагимов қарсыластарды екінші рет қапы қалдырды. Бірақ Михаил Кравецтің ойыншылары жеңісті қолдан шығарған жоқ. Соңғы минутта Мэйсон Морелли «Авангардтың» бос қақпасына дәл соққы жасады. Никита Бояркин қақпаға бағытталған 36 соққыны қайтарып, осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп әрі нәтижелі пас авторы атанды. 6 қаңтарда қазақстандық ұжым Нижний Новгородта «Торпедомен» кездеседі.
«Авангард» - «Барыс» 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)
0:1 – 12:34 – Логвин (Морелли, Уолш)
0:2 – 22:55 – Әсетов АГ
1:2 – 26:27 – Пономарёв (Окулов)
1:3 – 35:25 – Панюков (Әсетов, Шайхмедденов)
2:3 – 51:38 – Ибрагимов (Рашевский, Окулов)
2:4 – 59:37 – Морелли (Веккьоне, Бояркин)
Қақпашылар: Серебряков - Бояркин
G-Drive Арена. 12 011 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.