Юрий Михайлис: "Әр матч қызу өтті"
16 Тамыз 2021

Юрий Михайлис: "Әр матч қызу өтті"

"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис ҚРПК финалдық матчына қатысты пікірін білдіріп, турнирді қорытындылады.

- Финалға лайықты ойын болды. Қарсыласымыз – орнықты әрі ұйымшыл. Бүгін бізге көптеген қиындықтар әкелді. Бірақ біздің команда қозғалыс пен берілістің арқасында ойын тапсырмасын жақсы орындады. Гол соғуға болатын сәттер көп болды. Бірақ, іске асыру – бұл біздің командамыздағы басты кемшілік. Сондай-ақ, қақпашылар мен қарсыластарды қорғау ойыны бізге бұған жол бермеді.

- Жаңадан келгендердің ойынын қалай бағалайсыз?

- Олардың ұжымға тез үйренгеніне, команданың оларды жақсы қабылдағанына ризамын. Сондай-ақ, мұзда көрсеткен ойындарына да ризамын. Әрине, бұл олардың ең жақсы матчтары емес, бірақ маусымда олар өздерін жақсы жағынан көрсететініне сенімдімін.

- Турнирге Қазақстан чемпионатынан  келген командаларды қалай қабылдадыңыздар?

- Біз басқа командаларды күттік. Белгілі бір себептермен ригалық "Динамо" қатысудан бас тартты. Ал "Сарыарқа" мен "Торпедо" басшылығына алғысымызды білдіреміз. Бұл ойындар бізге ауа сияқты қажет болды. Әр матч қызу өтті. Мен бұл турнирге ризамын.

- Никита Бояркиннің ойыны туралы не айтасыз?

- Никита Бояркин психологиялық тұрғыдан дайын. Бұл – ең бастысы. Ол өзін көрсетуге және құрамдағы орын үшін күресуге дайын. Оның физикалық жағдайы мүмкіндік береді. Ойындар оның командаға көмектесе алатындығын көрсетті. Никита бірінші қақпашы болғысы келеді. Егер ол өзіне осындай мақсат қойса, демек ол жетеді.

- Андрей Шутов неге ойнаған жоқ?

- Жаттықтырушылар штабы осылай шешті. Әзірге таңдау Йони Ортио мен Никита Бояркинге түсті. Біз мұны Александр Шиминмен талқыладық (қақпашылардың жаттықтырушысы - авт.) және Андрей Шутовтың қалай жұмыс істейтінін, жаттығатынын байқадық. Беларуссиядағы алдағы матчтарда ол ойнайтын болады.

"Барыс" ХК Бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2