Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер
25 Сәуір 2026

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

А тобындағы бірінші дивизионның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының шешуші матчында Қазақстан құрамасы буллит сериясында Словенияны жеңді. Негізгі уақытта голдарды Егор Ким мен Егор Кравченко соқты. Шешуші буллит Таир Бигариновтың еншісінде.

Осылайша, Максим Худяковтың ойыншылары турнир қорытындысы бойынша 10 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орынды және элиталық дивизионға жолдаманы Швейцария құрамасы жеңіп алды. Ал Польша құрамасы бірінші дивизионның В тобына түседі.

Турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болып шабуылшы Илья Громов танылды. Егор Кравченко 8 (4+4) ұпаймен чемпионаттың екінші бомбардирі атанды. Святослав Евплов ұйымдастырушылар тарапынан турнирдің үздік қорғаушысы деп танылды.

Қазақстан – Словения 3:2 Б (0:0, 0:2, 2:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 26:36 – Костомай Валенчак (Рогл)

0:2 – 31:27 – Ковачевич (Конобель, Буковец)

1:2 – 48:42 – Ким (Ануфриев, Громов)

2:2 – 51:06 – Кравченко (Бигаринов, Евплов)

3:2 – 65:00 – Бигаринов БҚ

Қақпашылар: Рахымжан – Кавчич

Фото – IIHF

   2525.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис