Winline және Барыс серіктес болды
19 Тамыз 2022

Winline және Барыс серіктес болды

«Барыс» хоккей клубы Winline компаниясымен серіктестік келісім жасалғанын ресми түрде хабарлайды. Келісімшарт үш маусымға – 2025 жылғы 30 сәуірге дейін есептелген.

Келісім аясында Winline фирмалық стилінің элементтері «Барыс-Аренаның» және клубтық интернет-ресурстардың маңызды көрнекі бөлігіне айналады. Winline клубтың барлық негізгі хоккей және әлеуметтік іс-шараларына, ал букмекерлік кеңсенің логотипі - «Барыстың» ойын және жаттығу нысанына біріктіріледі.

Александр Запольских, Winline маркетинг жөніндегі директоры:

- Біз «Барысты» серіктестеріміздің арасынан көргенімізге өте қуаныштымыз. Бұл ұзақ әрі өзара тиімді ынтымақтастық болатынына сенімдімін. Біздің қарым-қатынасымыздың басы жақсы басталды, Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының ашылуына қатысқан жанкүйерлер - бұған куәгер. Енді біз команданың жетістіктерін мұқият қадағалаймыз - бізді қызықты маусым күтіп тұр және «Барыста» ойынды өз жанкүйерлері үшін ерекше ету үшін бәрі бар». 

Арнур Альшеров, «Барыс» ХК маркетинг департаментінің директоры

– Біз жаңа серіктесіміз - Winline компаниясымен ынтымақтастықтың басталғаны туралы ресми түрде хабарлауға қуаныштымыз. Біздің жарияланымдарымыздан және аренаның безендірілуінен барлығы байқағандай белсенді жұмыс жүргізілуде. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының ашылуы алдындағы жарқын шоу-презентацияның сәтті өткенін атап өткім келеді. Матчтың өзі 7500-ден астам жанкүйерді жинады, бұл - жазғы маусым алдындағы турнирлердің өзіндік рекорды. Біздің ынтымақтастығымыз жемісті болады және хоккейге жанкүйерлерді көбірек тартуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

 

Анықтама

Winline - ең ірі заңды ресейлік букмекер. Компания 2009 жылы құрылды, содан бері Ресейдегі ең қарқынды дамып келе жатқан брендтердің бірі болып табылады. Winline Ресей Премьер-лигасы, Евролига, «Спартак» ФК, «Зенит» ФК және БК, ЦСКА ПБК, «Краснодар» ФК, УНИКС БК, Virtus Pro киберспорттық клубы және басқа да көптеген жетекші халықаралық турнирлер мен түрлі клубтардың серіктесі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Оңтүстік Корея 4:3

new-preview
Barys
Tomiris

IB дивизионының әлем чемпионаты. Испания – Қазақстан 2:3

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Нидерланды – Қазақстан 3:0