Арлан - Номад ойын сериясы алдында
27 Қараша 2026

Арлан - Номад ойын сериясы алдында

«Номад» үшінші ойын айын Көкшетаудағы сырт алаңдағы сериямен аяқтайды.

«Арлан» «Бейбарыспен» өткізген кездесулерден кейін өз алаңындағы сериясын жалғастырады. Алғашқы матчта көкшетаулықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Шайба соққан ойыншылар: Кирилл Басов, Әли Қасенов, Андрей Кураков, Вячеслав Коротин және Степан Санников. Екінші кездесуде «Арлан» қонақтарға 1:3 есебімен жол берді. Команданың жалғыз шайбасын Вячеслав Коротин соқты.

Қазіргі уақытта «Арлан» 32 ойыннан кейін 47 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.

Ал «Номад» өз алаңындағы сериясын «Торпедомен» өткен матчтармен аяқтап, екі кездесуде де жеңіліске ұшырады. Алғашқы ойында 2:3 есебімен жеңілген елордалықтар сапынан Даниил Цыбин мен Әділ Бейсембаев шайба соқты. Екінші кездесуде 1:7 есебімен жеңілген «Номадтың» жалғыз шайбасын Абай Маңғысбаев соқты.

«Арланмен» кездесуге дейін «Номад» 29 ойыннан кейін 45 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Кездесу сағат 19:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Ligasy TV платформасынан көруге болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

СКА - Барыс матчы алдында

new-preview
Barys

Барыс жеңіліс сериясын үзді

video-preview
Barys

Barys - Severstal жеңіс бөлмесі