Қазақстан хоккей федерациясы 2025-26 жыл маусымындағы Pro Ligasy финалдық кезеңінің матч кестесін ұсынды.
Қазақстан чемпионатының шешуші сериясында Астана қаласының «Номад» клубы мен Қарағандының «Сарыарқа» командасы кездеседі. Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиындарының басталуына байланысты, сондай-ақ «Номад» пен «Сарыарқа» құрамында ұлттық құрамаға үміткер ойыншылардың болуын ескере отырып, Pro Ligasy финалының басталу мерзімін ертерек уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Бұл текетірестің алғашқы ойыны 1 сәуір күні Астанада өтеді. Серия төрт жеңіске дейін жалғасады. Қажет болған жағдайда жетінші матч 13 сәуірге жоспарланған.
Матчтар кестесі:
1 сәуір «Номад» – «Сарыарқа» Астанада;
3 сәуір «Номад» – «Сарыарқа» Астанада;
5 сәуір «Сарыарка» – «Номад» Қарағандыда;
7 сәуір «Сарыарка» – «Номад» Қарағандыда;
9 сәуір* «Номад» – «Сарыарқа» Астанада;
11 сәуір* «Сарыарқа» – «Номад» Қарағандыда;
13 сәуір* «Номад» – «Сарыарқа» Астанада.
*бесінші, алтыншы және жетінші матчтар қажет болған жағдайда өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.