Барыспен бірге спорт күні
18 Шілде 2026

Барыспен бірге спорт күні

Елордадағы Ботаникалық бақта «Барыспен» бірге спорт күні өтті. Клубтың серіктесі «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры», Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі және кезекші жедел жәрдем көлігін ұсынған Prime Green Clinic медициналық клиникасының қолдауымен ұйымдастырылған спорттық іс-шараға 400-ге жуық адам қатысты.

Жанкүйерлермен бірге өткен спорттық жаттығуларға «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары қатысты. Әділ Бекетаев, Дінмұхамед Қайыржан, Ансар Шайхмедденов, Самат Данияр, Әлихан Әсетов, Кирилл Панюков және Кирилл Савицкий футбол, баскетбол, пилатес, волейбол және теннис бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Әр спорт түрінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға ойыншылар Barys Store фирмалық атрибутика дүкеніне жеңілдік промокодтарын табыстады.

Спорттық ойындар аяқталғаннан кейін автограф-сессия ұйымдастырылып, оған келген әрбір жанкүйер сүйікті хоккейшісімен жүздесіп, естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

DSC_7932.jpg

DSC_8002.jpg

DSC_8030.jpg

DSC_8121.jpg

DSC_8282.jpg

DSC_8523.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
21 фото
Barys

Барыстың ашық жаттығуы

new-preview
Barys

2026/2027 маусымына арналған абонементтер сатылымда!

new-preview
Barys

Барыс Бояркин мен Гайтамировпен келісімшартын бұзды