«Барыс» жүйесі жасөспірім командаларының Орал, Сібір және Приволжское федералдық округтері Біріншілігіне қайта оралды, маусымға келесідей қорытынды жасауға болады.
Командаларымыз бірнеше жыл жарысқа қатыспағандықтан, сайыс жолын төменгі дивизиондардан бастауларына тура келді. Жоғары дивизионға өту үшін маусымды турнирлік кесте көшбасшылары қатарында аяқтау керек, ал одан кейін өтпелі турнирден сәтті өту қажет. «Барыс» БЖСМ үш командасы осы мақсатқа қол жеткізе алды.
Рамазан Қайдаров пен Дмитрий Колодюк жаттықтыратын «Барыс-2008» командасы тұрақты чемпионатты сәтті өткізіп, 40 матчтың 39-ында жеңіске жетті және С тобында бірінші орын алды. Алайда келесі кезеңде командамызға сәттілік серік болған жоқ. «Барыс» екі рет жеңіліс тауып, өтпелі турнирге Салехардтың «Ямал» және Нижний Тагилдің «Спутник» командалары өтті.
Даниил Лысый мен Виктор Тереховтың «Барыс-2009» командасы да өз жасы бойынша С тобында көш бастады. Команда 32 ойынның 29-ында жеңімпаз атанып, алдымен финалдық, артынша өтпелі турнирде бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал мұнда астаналық хоккейшілер өздерінің деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, мықтылар дивизионына өтті.
Владимир Логвин мен Никита Медведев жаттықтыратын «Барыс-2010» С тобындағы 32 ойынның тек біреуінле жеңіліс тауып, маусымды табысты аяқтады. Финалдық кезеңде командамыз қарсылас шақ келтірмей, өтпелі турнирге өтті. Алайда мұнда қазақстандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша челябілік «Белые Медведи» командасына есе жіберіп және жарыс жеңімпазы «Тюменский Легион» ұжымынан бір ұпай артта қалып, үшінші орын алды.
Павел Филипенко пен Юрий Сидоренко жаттықтыратын «Барыс-2011» маусымдағы басты міндетке қол жеткізе алды. Команда тұрақты маусымның 28 ойынының 27-сінде жеңіске қол жеткізіп, финалдық квартетте бірінші орын алып, осының арқасында өтпелі кезеңге өтті және онда бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ.
Владимир Завьялов пен Артём Ивановтың қол астындағы «Барыс-2012» командасы келесі маусымдағы тобын анықтау үшін іріктеу турнирлеріне қатысты. Команда әр кезең сайы мықты командалармен кездескен үш кезең қорытындысында, астаналық ұжым екінші орын алды. «Барыс-2012” келесі маусымда Мықтылар дивизионының В тобында ойнайды.
Сергей Старыгин мен Алексей Обухов жетекшілігіндегі клуб жүйесінің тағы бір командасы «Барыс-2007» Орал, Сібір және Приволжское федералдық округтері 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Біріншілігінің А тобында бақ сынады. Топтық сында командамыз 44 ойында 20 жеңіске қол жеткізіп, жетінші орынға табан тіреді.
Руслан Нұрмұхамедов, “Барыс” БЖСМ директоры
- 2023/24 жылдар маусымы аяқталды. Командаларымыз пандемияға байланысты туындаған ұзақ үзілістен соң, ішкі чемпионаттан бөлек, Орал, Сібір және Приволжское федералдық округтері Біріншілігінде қайта бақ сынады. Бұл біздің жас ойыншыларымыздың дамуы үшін өте жақсы, өйткені өзімізден мықты қарсыластармен ойнаймыз. Оған қоса, маусымдағы матчтар саны айтарлықтай ұлғайды. Мұның бәрі соңында жақсы нәтиже береді. Өтпелі турнирлерден кейін өз командамыз мықтылар тобына өтті. Енді олар келер маусымда топ-командаларға қарсы ойнайды. «Барыс-2010» тағы да С тобында өнер көрсетсе, «Барыс-2008» Қазақстан Жастар лигасында сынға түсуді бастайды.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.