Томирис қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті
02 Наурыз 2026

Томирис қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

«Грация» мен «Томирис» арасындағы қарымта кездесуде елордалық қыздар тағы да басым түсіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қарағандылық қарсыластар қақпасына Камиля Сафина, Василина Субботина және Александра Шегай екі реттен гол соқты. Ал Дария Молдабай үш нәтижелі паспен көзге түсті.

Александр Тебеньковтың ойыншылары 18 ойында 30 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты. Тұрақты чемпионаттың қорытынды матчтарында «Томирис» қайтадан «Грациямен» кездеседі. Ойындар 15 және 16 наурыз күндері Астанада өтеді.

«Грация» - «Томирис» 1:9 (1:3, 0:5, 0:1)

1:0 - 12:03 - Пуртова

1:1 - 13:50 - Субботина (Молдабай, Куценко)

1:2 - 14:53 - Баранова (Оразбаева)

1:3 - 15:03 - Куценко (Молдабай)

1:4 - 26:26 - Сафина (Хохлова) АГ

1:5 - 28:22 - Субботина (Сафина, Хохлова)

1:6 - 30:00 -  Сокол (Баранова, Әділхан)

1:7 - 31:20 - Сафина (Субботина)

1:8 - 36:53 - Шегай (Кенесова)

1:9 - 57:46 - Шегай (Молдабай, Оразбаева) АГ

Қақпашылар: Ушакова - Прицкер


9999.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Иэн Маккошен

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» – «Сарыарқа» матчына қатысты түсіндірме