«Номад» қыркүйектегі кезекті өз алаңындағы ойын сериясын Қарағандының «Сарыарқасына» қарсы матчпен бастады. Константин Пушкарёвтың ойыншылары 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде командалар екі-екіден шайба соқты. «Номад» сапынан Темирлан Китаров пен Александр Мигунов мергендік танытты. Ал «Сарыарқа» Данил Карабань мен аз құрамда ойнап тұрып шайба соққан Артём Лихотниковтың голдарымен жауап берді.
Тартысты өткен үшінші кезеңде «Номад» Батырлан Мұратов пен Олег Бойконың голдарының арқасында басымдық танытып, кездесуді өз пайдасына аяқтады.
«Номад» «Сарыарқамен» екінші кездесуін ертең сағат 17:00-де өткізеді.
«Номад» - «Сарыарқа» 4:2 (0:0, 2:2, 2:0)
1:0 - 21:26, Китаров (Маңғысбаев, Мигунов)
2:0 - 28:52, Мигунов (Симахин, Маңғысбаев)
2:1 - 34:15, Карабань (Степаненко, Михайлов)
2:2 - 35:17, Лихотников (Карабань, Михайлов), АГ
3:2 - 44:19, Мұратов (Бойко, Никитин)
4:2 - 45:51, Бойко (Мұратов, Макаров)
Қақпашылар: Нурек - Кадочников
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.