Томирис жаңа маусымның ашылу матчында Торпедоны жеңді
24 Қыркүйек 2025

Томирис жаңа маусымның ашылу матчында Торпедоны жеңді


Өскеменде Қазақстан әйелдер хоккей чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы ойын өтті. Еске сала кетейік, биылдан бастап Qyzdar Ligasy форматы өзгерді - енді командалар бұрынғыдай жекелеген турлармен емес, Pro және Jastar Ligasy чемпионаттарына ұқсас түрде іссапарлы кездесулер өткізеді.

Маусымның ашылу ойынында «Томирис» соңғы кезеңдегі сәтті ойынының арқасында өткен маусымның қола жүлдегері «Торпедоға» қарсы басым түсті. Біздің команда сапында Камиля Сафина, Василина Субботина, Надежда Филимонова және Азалия Авзалова мергендік есептерін толықтырды. Қақпашы Арина Щёколова 29 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Томирис» 2:4 (1:1, 1:0, 0:3)

0:1 - 01:38 - Сафина (Субботина)

1:1 - 18:12 - Зубкова (Кожина, Саяхатқызы М.)

2:1 - 33:34 - Мелехина (Саяхатқызы М., Зубкова)

2:2 -  43:41 -  Субботина (Молдабай, Сафина)

2:3 - 46:19 - Филимонова (Буторина, Молдабай)

2:4 -  46:38 - Авзалова (Баранова, Субботина)

Қақпашылар: Говтва - Щёколова.

 

A22A1888.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте Сібірге қарсы өз алаңындағы ойынмен бастайды

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері

new-preview
Barys

Кирилл Савицкий Барыста қалды