Снежные Барсы алғашқы кездесуде пермдіктерге жол берді
28 Қаңтар 2026

Снежные Барсы алғашқы кездесуде пермдіктерге жол берді

Бүгін астаналық ұжым маусымда алғаш рет МХК «Молотқа» қарсы ойнады. Арена иелері 2:4 есебімен жеңілді.

Матчтың бастапқы кезеңінде «барыстар» Айтуар Нұржановтың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Алайда қонақтар тез арада ес жиып, Данил Спиридоновтың шабуылының арқасында есепті теңестірді. Бұдан кейін Александр Болотов пермдіктер сапында екінші шайбаны соқты, осылайша бірінші кезең қонақтардың басымдығымен аяқталды.

Екінші жиырма минуттықта Данил Спиридонов дубль жасап үлгерді. Шешуші кезеңде Даниил Каратаев есеп айырмасын 3 шайбаға дейін ұлғайтты. 44-минутта Тимур Миндубаев бір шайбаны қайтарды, бірақ астаналықтардың гол соғу мүмкіндіктері осымен таусылып, ойын 2:4 есебімен аяқталды.

Енді екі команда ертең сағат 19:00-де Барыс Аренада қарымта кездесу өткізеді.

Снежные Барсы - МХК Молот 2:4 (1:2, 0:1, 1:1)

1:0 - 08:18 Нұржанов (Қажыбеков, Двуреченский) АГ

1:1 - 11:12 Спиридонов (Степанов, Скачков)

1:2 - 17:35 Болотов

1:3 - 30:20 Спиридонов (Федяев) АГ

1:4 - 43:21 Коротаев (Федяев)

2:4 - 44:08 Миндубаев

Вратари: Дударкиев - Ермашов

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Тайс Томпсон

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Латвия 2:3 Б

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Иэн Маккошен