Маусым қорытындысы. Тайс Томпсон
13 Сәуір 2026

Маусым қорытындысы. Тайс Томпсон

«Барыс» ойыншыларының 2025/26 жылғы ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы жеке көрсеткіштерін қорытындылауды жалғастырамыз.


Тайс Томпсон жаңа лигадағы алғашқы маусымында-ақ команданың үздік 5 сұрмергенінің қатарына еніп, астаналық клубтың үшінші мергені атанды. Оның еншісінде – 15 шайба және 10 нәтижелі пас. Мұз айдынында өткізген орташа уақыты – 19 минут 15 секунд.


Томпсонның 3 шайбасы «Барысқа» жеңіс әкелді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Әлихан Өмірбековпен бірге командада екінші орында. Бір қызығы, Тайс маусым барысында барлық ойын жағдайында гол соқты: басымдықта, тең құрамда және аз құрамда.

ty.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі