Бүгін астаналық команда ақпан айындағы өз алаңындағы соңғы матчты өткізді. Қарсылас Қазан қаласының «Ірбіс» клубы. 2:1 есебімен астаналықтар Алтын дивизион көшбасшысын сенсациялық түрде жеңді.
Айта кетейік, бұл қарсыласқа қарсы соңғы жеңіс 2019 жылмен даталанған. Сонымен қатар бұл кездесу Жастар хоккей лигасындағы 1000-матч болды.
Ойынның алғашқы бөлігінде есепті қонақтар ашты. Раиль Хусаенов дәл соққымен мергендік танытты. Кейін бастама біртіндеп алаң иелеріне ауысып, сиренаға 29 секунд қалғанда Мстислав Шипилин есепті теңестірді.
Екінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Кездесудің тағдыры соңғы кезеңде шешілді. Никита Ситников дәл соққымен астаналықтарды алға шығарды.
Енді «Снежные Барсы» Нижний Новгород пен Қазан қалаларына сырт алаңдағы турнеге аттанады. Келесі матчтар 1 және 3 наурыз күндері өтеді.
«Снежные Барсы» - «Ирбис» 2:1 (0:1, 0:0, 2:0)
0:1 – 17:54 Хусаенов (Хатибуллин, Григорьев)
1:1 – 19:31 Шипилин (Миндубаев)
2:1 – 41:41 Ситников (Зияш)
Қақпашылар: Ряшин - Григорьев
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.