Снежные Барсы Молотты нәтижелі матчта жеңді
16 Ақпан 2026

Снежные Барсы Молотты нәтижелі матчта жеңді

Бүгін астаналық ұжым ақпан айындағы кезекті қысқа сырт алаңдағы серия аясында Пермь қаласында МХК «Молот» командасымен кездесті. Антон Васиннің ойыншылары 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кезеңде есепті алаң иелері ашты. «Барыстар» тек екінші жиырма минуттықта жауап қайтара алды Асанәлі Русланұлы дәл соққысымен есепті теңестірді.

Негізгі оқиғалар кездесудің соңғы бөлігінде өрбіді. Денис Федяев пен Даниил Пьянков тең құрамда екі жылдам шайба соғып, бастама толықтай алаң иелеріне ауысқандай көрінді. Алайда астаналықтар мойымады.

Матчтың аяқталуына он минут қалғанда «барыстар» камбэк жасап, ойын барысын өз пайдасына өзгертті. Алдымен Расул Тұрсынов МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соғып, есеп айырмасын қысқартты. Одан кейін Жахангер Тілеухан лигадағы дебюттік голымен есепті теңестірді. Жеңіс шайбасын Тимур Миндубаев соқса, Ильхён Тен кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Қайта кездесу 18 ақпан күні Астана уақытымен 18:30-да өтеді.

МХК «Молот» – «Снежные Барсы» 3:5 (1:0, 0:1, 2:4)

1:0 – 11:23 Калашник (Семёнов)

1:1 – 24:19 Русланұлы (Киреев, Решетько)

2:1 – 43:29 Федяев (Макаров, Садыков)

3:1 – 44:14 Пьянков (Мартыненко, Стефанов)

3:2 – 50:06 Тұрсынов (Бигаринов, Решетько)

3:3 – 52:31 Тілеухан (Кравченко)

3:4 – 53:50 Миндубаев

3:5 – 56:11 Тен (Миндубаев, Шипилин) АГ

Қақпашылар: Воробьев - Ряшин.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Тайс Томпсон

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Латвия 2:3 Б

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Иэн Маккошен