Самат Данияр: «Негізгі құрамға түсіп, мықтылығымызды дәлелдеу керекпіз»
06 Мамыр 2021

Самат Данияр: «Негізгі құрамға түсіп, мықтылығымызды дәлелдеу керекпіз»

Бүгін «Барыс-Аренада» Қазақстан ұлттық құрамасы БАҚ-қа арнап ашық
жаттығу өткізді. «Барыс» қорғаушысы Самат Данияр жаттығу процесіне
қатысты өз пікірін білдірді.
- Самат, жиын басталар алдында демалып үлгердіңіз бе?
- Қазақстан чемпионатындағы «Номадтың» матчтары аяқталғаннан кейін біз
он күндей демалдық. Демалып үлгірдім, жаттығумен мүлдем айналыспадым.
Содан кейін дайындықты жеке бағдарлама бойынша бастадық. Бәрі жақсы,
күш бар, жақсы көңіл-күймен дайындалудамыз.
- Бұл сен үшін бұл күрделі жарыс алдындағы ұлттық құрамаға алғашқы
шақырту. Қандай сезімдесің? Өз күшіңді қалай бағалайсың?

- Өте жақсы сезінемін, көңіл-күйім де сондай. Әрине, мен осындай деңгейде
ойнап, өзімді сынап көргім келеді. Дайынмын ба, жоқ па, оны ойын
көрсетеді. Қазір негізгі құрамға түсіп, мықтылығымызды дәлелдеу керекпіз.
- Екі жақты матчтар өткіздіңдер. Жалпы, олар қалай өтті?
- Кейбіреулердің ұзақ уақыт ойнамағандары байқалды, бірақ барлығы да мұз
айдынға үлкен ықыласпен шықты. Бірінші матч аздап шым-шытырық болды,
көптеген шығындар, техникалық ақаулар болды. Бапкерлер түсіндіріп
айтқаннан кейін барып, бәрі реттелді. Екінші матчта қатаң түрде тапсырма
бойынша ойнады да, басқаша ойын көрсетті.
- Сен қазір Виктор Сведбергпен жұптасып жұмыс істеп жатырсың.
Араларыңда өзара түсіністік бар ма?

- Ия, мен онымен бірінші рет ойнап тұрмын. Ол өте жақсы және тәжірибелі
қорғаушы, бұрыннан ойнап келе жатыр. Маған одан көп нәрсе үйрену керек.
Біз еркін сөйлесеміз, ол орыс тілінде бәрі білетін және түсінетін кейбір
сөздерді біледі. Ағылшын тіліндегі сөздерінің жартысын түсінемін. Бәрі
жақсы, бәрі орынша.
- Жақын арадағы «Барыспен» келісімшартты ұзарту қосымша күш
берді ме?

- Әрине, бұл жағдай маған жағымды эмоция мен жаңа күш берді. Қазір мен
анағұрлым еркін ойнайтын боламын. Бұл маған ұнайды, бапкерлердің
сенімін ақтауға тырысамын.

- Командалар Ригада «пузырда» тұратын болады. Егер сен қорытынды
құрамға кірсең, бос уақытыңда немен айналысатының туралы шешім
қабылдадың ба?

– Бізге қонақүй – автобус – арена және кері қарай, яғни бір маршрутпен ғана
жүретінімізді хабарлады. Мүмкін, ноутбук пен кітап қана алатын шығармыз.
Уақытымыздың басым бөлігін қалпымызға келуге бөлеміз. Бұндай режимде
өмір сүру - біз үшін бірініші емес.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады