«Салават Юлаев» – «Барыс» (5:4) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Олег Болякин, «Барыс» бас бапкерінің міндетін атқарушы
- Қарсылас команданы жеңіспен құттықтаймыз. Бұл ойынды екі бөлікке бөлуге болады. Алғашқы екі кезеңде біз сенімді көрінбедік, ал үшінші кезеңде хоккейшілер біз айтқан талаптарды, ойыншылардан көргіміз келетін ойын жүйесін естіді, олар оны дұрыс түсініп, қолдана бастады. Негізінде олар ойынды теңестірді, бірақ, өкінішке қарай, бұл орынсыз қателік бізді өкінішті сәтсіздікке ұшыратты.
Виктор Козлов, «Салават Юлаев» бас жаттықтырушысы
- Жақсы ерік жеңісі. Егер бөліп қарайтын болсақ, онда бірінші кезеңде жақсы қозғалыстар, комбинациялар, шайбаны бақылау болды. Коледовтың голы бүкіл бестік қозғалысының арқасында соғылды. Тимкиннің шайбасында қорғаныстан шабуылға тамаша көшу болды. Екінші кезеңде көпшілікте гол соқты. Үшінші 20 минутта біз қажетті қарқында ойнаған жоқпыз. Менің ойымша, бұл көптен бері ойнамағандықтан, ырғақтан шығып, матчты қиналмай жеңеміз деп ойлап қалдық. Қарсылас соңына дейін күресіп, есепті теңестірді. Соңында біз мінезімізді көрсетіп, қосылып, табандылық таныттық.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.