Томирис ойыншылары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында
03 Сәуір 2025

Томирис ойыншылары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында


9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында әйелдер командалары арасында ІІ дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты өтеді. Александр Тебеньков пен Жасұлан Оразбаев бастаған Қазақстан құрамасы келесі дивизионға шығу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения командаларымен сынға түседі. Командамыздың чемпионатқа арналған құрамына «Томиристің» сегіз ойыншысы енді.

Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де - «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»).

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай, (барлығы - «Томирис»), Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы - «Айсұлу»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де - «Торпедо»).

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королёва, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы (барлығы – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы - «Томирис»).

Қазақстан құрамасының матчтар кестесі (басталуы Астана уақытымен):

9 сәуір. 17:00. Қазақстан – Оңтүстік Корея;

10 сәуір. 17:00. Италия – Қазақстан;

13 сәуір. 00:00. Қазақстан – Ұлыбритания;

13 сәуір. 20:30. Латвия – Қазақстан;

15 сәуір. 17:00. Словения – Казахстан;

Дереккөз - ҚХФ

888.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс - Сибирь бағдарламасы

new-preview
Barys

Барыс - Сібір матчы алдында

new-preview
Barys

Барыс туған күнінде жеңілістер сериясын тоқтатты, Кравец ҚХЛ-дағы 200-жеңісіне қол жеткізді