Әйелдер арасындағы IB дивизионы бойынша әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы қаласындағы Олимпиадалық дайындық орталығы базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жиындар 22 наурызда басталды, ал 2 сәуірде команда Испанияға аттанады. Әлем чемпионаты 12–18 сәуір аралығында өтеді. Біздің қыздардың қарсыластары Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамалары.
«Томирис» командасының бас бапкері Александр Тебеньков жетекшілік ететін жаттықтырушылар штабы дайындықтың алғашқы кезеңіне 36 ойыншыны шақырды, олардың қатарында жасөспірімдер құрамасының хоккейшілері де бар. Бұл тізімге «Томирис» командасының сегіз өкілі енді.
Қақпашылар: Вероника Агеева, София Агеева, Полина Говтва, Мария Яковлева (барлығы - «Торпедо»), Арина Щёколова («Томирис»).
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис»), Зере Жұмаш, Эвелина Емцева (екеуі - «Айсұлу Таңдаулы»), Ева Иншакова, Катрин Мескини, Кира Крухольская, Ульяна Куклина, Айдана Рахатқызы, Полина Яковлева (барлығы - «Торпедо»), Калима Нигматулина («Грация»).
Шабуылшылар: Алина Жакулина, Рената Лившиц (екеуі - «Грация»), София Зубкова, Варвара Краюшникова, Полина Мокина, Злата Попова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы - «Торпедо»), Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Мадианна Нусупова, Василиса Шуклина (барлығы - «Айсұлу Таңдаулы»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы - «Томирис»), Лариса Свиридова («Айсұлу»).

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.